logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" холдинг қызметкерлері тек өзінің жоғары кәсіби деңгейін ғана емес, сонымен қатар ең жақсы қасиеттерін тағы да растады. Тек "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС қызметкерлерінің ерлігі арқасында 31 қаңтарда Пришахтинсктегі 21-ші шағын ауданы тұрғын үйлерінің біреуінің пәтерінде болған өрт ересектердің қарауынсыз қалған екі сәби үшін қайғысыз өтті. "ҚЖС" ЖШС энергияны қадағалайтын тексерушілері Толкынов Әсет Еркінұлы және Колесникова Татьяна Владимировна бекітілген маршрут бойынша абоненттерді жұмыспен аралауын орындап жүргенде көпқабатты үйдің 5 қабатының терезесінен қалың, тұңшықтыратын түтін шығып жатқанын көріп, баланың айқайы мен жылауын естіген.Бір секунд ойланбай Әсет Толкынов қыз балаға көмекке жүгірген, Татьяна Колесникова болса құтқару қызметі мен медициналық жедел жәрдем қызметін…
Жақында Қарағандыда коммуналдық қызметкерлер республикалық және облыстық БАҚ журналистеріне көп қабатты тұрғын үйлерде жылудың жалпыүйішілік есепке алу құралы орнатылған тұрғындар үшін болатын үнемдеу туралы айтылған пресс-конференциясы өтті. "Теплотранзит Караганда" ЖШС Бас директоры Серік Балкишевтің айтуынша, компания Қоғамдық кеңес және қалалық мәслихатпен келіскеннен кейін есепке алу құралдарын енгізудің қорытынды кезеңіне кіріседі. Бүгінгі күні, Қарағандыда көп пәтерлі тұрғын үйлердің шамамен 80% - ы қазірдің өзінде есепке алу құралдарымен қамтамасыз етілді. Сараланған тарифті енгізу арқасында есепке алу құралы бар тұтынушылардың үнемдеуі орта есеппен 25% құрайтын болады. - Бізге үнемдеу жолдары бойынша жүру керек. Бүкіл әлемде солай. Біз неғұрлым көп үнемдесек, соғұрлым ЖЭО аз…
Құрметті әріптестер! Шын жүректен Сіздерді біздің кәсіби мерекеміз - энергетиктер Күнімен құттықтаймын! Бұл күн күнтізбедегі ең көне және құрметті күндердің бірі болып табылады. Біздің сала әлеуметтік маңызы бар орта бола отырып, республиканың бүкіл экономикасын дамытуға серпін береді. Энергетикада өз өмірін осы мәртебелі және жасампаз мамандықпен байланыстырған мыңдаған мамандар жұмыс істейді. Сіздер күн сайын ауа райының маусымы және жағдайына қарамастан, бүкіл елдің игілігіне адал қызмет етесіздер, өйткені, энергия өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмыс істеуі үшін басты шарты болып табылады. Энергетик мамандығы  – адамдарға жылу мен жарық сыйлайды. Барлық уақыттарда біздің жұмыс қиын және сол уақытта құрметті болды, себебі, көбінесе энергетиктер еңбегінің…
«ҚКЖ» компаниялар Тобының барлық өндірістік объектілерінде – Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кәсіби мереке құрметіне отандық энергетиктерге корпоративтік сый ұсынылған салтанатты шаралар өткізілді. Ал елуден астам әріптестеріне бұл күн ерекше болды, өз кәсіби мереке күні олар Қазақстандық Электроэнергетикалық Ассоциациясының Еңбек сіңірген энергетигі және Құрметті энергетигі атанды, сондай-ақ ҚЭА және ТМД Құрмет грамоталарын иеленді. Сонымен қатар, «ҚКЖ» компаниялар Тобының қызметкерлеріне ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. «Еңбек сіңірген энергетик. Қазақстандық Электроэнергетикалық Ассоциациясы» атағына ие болған, станцияда 38 жыл қызмет еткен Қарағанды ЖЭО-3 турбиналық цех ауысым басшысы Геннадий Шатский өз сөзінде - «ЖЭО кездейсоқ адам болмайды, себебі станциядағы біздің жұмысымыз – тек үлкен жауапкершілік…
"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.