logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Жуырда, 2016 жылдң 29 қыркүйегінде жылыту маусымының алдында Қарағандыда қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған «Қарағанды су», «Қарағанды Жарық», «Қарағанды жылу орталығы» мен өзге де компания өкілдері шақырылды. Қозғалған басты мәселе қысқа дайындық болды. Қалада жылыту маусымы 1-ші қазаннан басталды. Аталған кәсіпорындардың бірінші басшыларының есебінен кейін қоғамдық кеңес облыс орталығын қысқы маусымға сақадай сай деген түйін жасады»  Сондай-ақ, «Қарағанды Жылуорталық» ЖШС Бас директоры Мәди Әбішев жылу беруші нысандардың ағымдағы жөндеу жұмыстары мен қайта жаңартылуы дер кезінде және сәтті аяқталғанын атап өтті. ЖЭО-3-ке 520 МВт жүктеме бекітілген. ЖЭО-1-де де тура осындай жүктеме. Мәди Әбішевтің айтуынша, сұйық отын қоры жеткілікті. Компания өкілдері…
Жуырда Алматы облысында электр жүйелерін жедел түрде жөндеумен айналысатын бригадалар арасында жыл сайынғы Республикалық кәсіби жарыс өз мәресіне жетті. Оның қорытындысы бойынша «Қарағанды Жарық» компаниясының командасы кезекті рет өз шеберлігін дәлелдеп, екінші орынды қанжығасына байлады. Сөйтіп, алғашқы үштіктен көрінді. Жарыс 2016 жылдың 12 және 16 қыркүйек аралығында Қарасай АЭС-на қарасты оқу-жаттығу алаңында ұйымдастырылды. Оған республиканың түкпір-түкпірінен энергетика саласындағы кіл мықты деген 9 команда қатысты. Сынақ 7 кезеңнен тұрады. Оның алғашқысы техникалық қауіпсіздік бойынша білімін тексеріп, емтихан тапсыру. Екіншісі, кернеуге түскен адамның өмірін аман сақтап қалу үшін алғашқы көмек көрсету. Одан соң кернеуі 0,4 кВ және 10 кВ желілерді жалғау, бағаналарын…
«Қарағанды Энерго Орталық» ЖШС ағымдағы жылдың мамыр айында Қарағанды ЖЭО-3 маңайына 50 тал-дарақ көшетін отырғызды. Бұл шара жыл сайын станция жұмысының кері әсерін төмендету үшін міндетті түрде энергетиктердің өз күшімен жүргізіледі. Бұған дейінгі кезеңде ЖЭО-1 маңайы мен шаһардың орталық көшелерінің бірінде 300 көшет қондырылған болатын.  «Қарағанды Энерго Орталық» ЖШС ағымдағы жылдың мамыр айында Қарағанды ЖЭО-3 маңайына 50 тал-дарақ көшетін отырғызды. Бұл шара жыл сайын станция жұмысының кері әсерін төмендету үшін міндетті түрде энергетиктердің өз күшімен жүргізіледі. Бұған дейінгі кезеңде ЖЭО-1 маңайы мен шаһардың орталық көшелерінің бірінде 300 көшет қондырылған болатын.
"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.