Компания саясаты туралы
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС сапалы менеджмент, еңбек қауіпсіздігі, өмір мен денсаулықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау қағидаларын Қазақстан Республикасының жоғары технологиялық, тиімді және қарқынды дамыған компаниясының ажырағысыз миссиясы ретінде қарастырады.
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС барлық жобаларының сапалы және уақтылы жүзеге асырылуын қамтуға мүмкіншілік беретін негізгі басымдылықтары:
- Жаңа электр желілерін құру, өндіріс және энергия тарату қуаттылықтарын арттыру, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобына кіретін кәсіпорындардың өндірістік көрсеткіштерін тұрақты өсіру;
- Қолдағы энергетикалық активтерді жаңалау, өзінің өндірістік нысандарындағы жаңашыл шешімдерді пайдалану, энергия шығысын ғылыми, жаңашыл тұрғыдан оңтайландыру;
- Сату компанияларының клиентке бағытталуы, тұтынушылармен кері байланысты қамту, қызмет көрсету сапасын жетілдіру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобы өз қызметінде басшылыққа алатын энергетикалық саясатты реттейтін мемлекеттік құқықтық актілерін мүлтіксіз орындау және сақтау;
- «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобына кіретін ұйымдардың операциялық қызметі барысында жобаларды жүзеге асырғанда экологиялық теңгерімді сақтауға үнемі бағытталу, экология мен еңбекті қорғау тұрғысынан ең ілгерінді, энергиялық тиімді және қауіпсіз техникалық шешімдерді қолдану;
- «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобы қызметінің ашықтығы, тұтынушыларға, серіктестерге, қоғамдыққа «ҚКЖ» ЖШС қызметіне байланысты қажет болған ақпараттың, соның ішінде, Топпен өндіріліп, жүзеге асырылатын өнімнің әлеуметтік маңыздылығының жоғарылығын ескерумен, ұсынылуы;
- «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобы қызметкерлерін жүйелі оқыту және үнемі кәсіби біліктіліктерін арттыру, кадрлық әлеуетті жақсарту, «ҚКЖ» ЖШС адами капиталын сақтау және көбейту;
- Белгіленген мақсаттарға жету үшін «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының өндірістік, қаржылық және адами ресурстарын барынша пайдалану;
- «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының жабдықтаушылары мен мердігерлерінің қызметіне үнемі талдау жасау, олармен ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынас орнату.