Тәуекелді басқару
ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІҢ ОРТАҚ ПРИНЦИПТЕРІ – МЕНЕДЖМЕНТ ТОБЫ
Тәуекелділікті басқару Тобының жүйесі халықаралық Coso ERM жүйесіне негізделген. Есеп тәуекелділік реестірінде жүргізіледі. Ол жүйелендірілген тәуекел немесе жағдаяттарға жатады.
Тәуекелділік 4 санат бойынша жүйелендірілген: Стратегиялық, операциялық, қаржылық, және құқықтық. Тәуекелділік сапалы түрде бағамдалған соң арнайы Картаға енгізіледі.
Онда түрлі-түсті бояумен көрсетіледі. Мәселен, қызыл аймақ — аса тәуекелділік, сары аймақ — орта тәуекелділік, жасыл аймақ — төмен тәуекелділік.
Топтың арнайы бақылауындағы тәуекелділікке қарсы іс-шараларына мыналар кіреді:
- ірі инвестициалық жобаларды іске асыру
- еңбек ережелерін және еңбек қауіпсіздігін сақтау
- тозығы жеткен құрылғыларды жаңарту
- тұтынушыларға уақтылы төлем жасау
- контагенттердің талап арыздары бойынша сотқа шағымдану
Топтың арнайы іс-шаралары арқасында, тәуекелділіктің ешбір жағдайы жоғары қауіптілікке жеткен жоқ.