Электр және жылу энергиясын өндіру

Электр және жылу энергиясын өндіру

«Караганда Энергоцентр» ЖШС

«Караганда Энергоцентр» ЖШС

«Караганда Энергоцентр» ЖШС – Қарағанды қаласындағы электр және жылу энергиясын негізгі өндіруші. Серіктестік 2008 жылдың 22 желтоқсанында құрылған.

Энергетикалық кешен құрамына кіреді:

  • ЖЭО-1 (Орнатылған электр қуаттылығы - 32 МВт, қолданымдық жылу - 263 Гкал/сағ);
  • ЖЭО-3 (Орнатылған электр қуаттылығы - 670 МВт, қолданымдық жылу - 1052 Гкал/сағ);
  • Компанияның жалғыз иесі болып, акционерлік капиталының 100% иемденетін «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС болып табылады;
  • Қызметкерлердің саны – шамамен 1300 адам.

КЭЦ (2010-2015 ж.ж.) инвестициялық бағдарламасы:

  • ЖЭО-1: Негізгі құрал-жабдықтарды жаңарту;
  • ЖЭО-3: Станцияның қолданыстағы қуаттылықтарын қазандық және турбиналық жабдықтардың бу шығарғыштығын номиналдық мәніне дейін жеткізу мақсатымен жаңғырту және қайта құру (2010-2015 ж.ж.):
  • I кезең: ЖЭО-3 қуаттылығын №5 ст. Т-120/140-12,8 турбина қондырғысын ( 2011 жылы жүргізілген), градирняны монтаждау, таспалы конвейерлерді қайта құру жолымен кеңейту (2010-2014 ж.ж.).
  • II кезең: № 8 ст. (бу шығарғыштық 670 т/с) қазандық агрегатын, Т-110/115-13,8 № 6 ст. турбина қондырғысын, сондай-ақ өнімділігі 25 000м3/с желдеткіш түрдегі градирня орнату (Жоба 2016 жылы іске асырылған)

Көрсетілген жобаларды орындау энергия торабында қолданыстағы қуат тапшылығын айтарлықтай азайтуға, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуде сенімділігін арттыруға мүмкін етті.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС

«Өскемен ЖЭО» ЖШС

«Өскемен ЖЭО» ЖШС – Шығыс Қазақстан облысының ең ірі жылу және электр энергиясын өндіруші кәсіпорны: облыс орталығы – Өскемен қаласының жылумен қамтамасыз ету көлемінің 80%-нан астамын және қала қалыптастырушы өнеркәсіп кәсіпорындарын қамтамасыз етеді.

Орнатылған қуаттылық: жылу – 859,9 Гкал/сағ, электр – 372,5 МВт.
Қол жетімді қуаттылық: жылу – 775,8 Гкал/сағ, электр – 310,8 МВт.

Орнатылған жабдық: 9 қазан агрегаты (75 т/сағ-тен 500 т/сағ-қа дейін), 8 турбоагрегат (4-тен 120 МВт-қа дейін).

Отын: Каражыра кен орнынан алынған көмір; бастауыш отын – мазут.

Кәсіпорын ISO 9001 (сапа менеджменті), ISO 14001 (экологиялық менеджмент) және ISO 45001 (еңбек қауіпсіздігі) стандарттарына сәйкес сертификатталған.

Қызметкерлер саны: 639 адам.

Бас директор: Нугманов Данияр Тоқтарұлы.

Компанияның жалғыз меншік иесі: «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС, акциялардың 100%-ына ие.

Өскемен ЖЭО-ның 2025 жылғы жөндеу бағдарламасы

2025 жылы жөндеулер жүргізілді:

  • 9 қазан агрегаты: олардың ішінде 3-і – күрделі жөндеу, 4-і – орташа жөндеу, 2-і – ағымдағы жөндеу;

  • 8 турбоагрегат: олардың ішінде 2-і – күрделі жөндеу, 6-сы – ағымдағы жөндеу.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС ауқымды жобалары
  1. Станцияны кеңейту: 13-ші турбоагрегат және 16-шы қазан агрегатын салу, қоршаған ортаға шығарындыларды азайту бойынша ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу.

  2. Жаңа күл қоймасын салу: бар күл қоймасы толғаннан кейін күл-шлактар қалдықтарын сақтау үшін.

  3. Негізгі бу құбырларын реконструкциялау (140 ата) – жобаның соңғы бесінші кезеңі 2025 жылы жүзеге асырылды.

  4. ОРУ-1-ді реконструкциялау – жобаның соңғы үшінші кезеңі 2025 жылы жүзеге асырылды.

  5. 2Д1000 мм өндірістік жер асты су құбыры желілерін күрделі жөндеу – жоба 6 кезеңде жүзеге асырылады, 2025 жылдан 2030 жылға дейін.