Табиғатты қорғау қызметі
"ҚКЖ" ЖШС бар аймақтардағы халық үшін компания қызмет көрсету сапасы жоғары кепілгер ретінде ғана емес, қолданыстағы экологиялық балансты сақтаушы кепілгер болып табылады.
"Қарағанды Энергоцентр" ЖШС ұсынған генерациялау секторы ҚР Экологиялық Кодексінің 107 бабына сәйкес, жыл сайын міндетті экологиялық сақтандыруға келісім-шарт жасасады.
Тәуелсіз аккредиттелген зертханалармен үнемі жүргізіледі:
- ЖЭО және күл үйінділерінің санитариялық – қорғаныш аймағының шекарасында атмосфералық ауаның мониторингі;
- жерлердің қайталама ластануына күл үйінділерінің мониторингі;
- ауыз су мен желілік судың сапасына мониторингтік бақылаулар өткізу;
- күл қалдықтары, мазут және көмірге радиациялық мониторинг.
Қарағанды өңірінің экология жағдайын жақсарту үшін және қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау үшін "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС мынадай табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізеді:
- Жыл сайынғы Қарағанды ЖЭО-1 күл үйінділерінен алынған күл қалдықтарының шұңқыры ("Қарағандыкөмір" бүлінген жерлерді қалпына келтіру);
- ЖЭО-1 және ЖЭО-3 күл ұстаушы қондырғыларының жөндеуі және тоқсан сайынғы режимдік-баптау сынақтары;
- күл үйінділері мен өнеркәсіп алаңдары аумақтарын көгалдандыру.
"Қарағанды Энергоцентр" ЖШС 2010 ж. 10 қыркүйегінде ҚР СТ ИСО 14001-2006 «Экологиялық менеджмент жүйесі. Талаптар» стандартының талаптарына сәйкестік сертификатын иеленді.
Барлық ЕТК бойынша атмосфераға ластаушы заттардың және су объектілеріне ағынсу төгіндісі шығарылуы қоршаған ортаға тікелей немесе жанама әсер етуін алдын алу немесе шектеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Электр қондырғыларын, өнеркәсіптік жабдықтарды, автокөлік және арнайы механизмдерді пайдалану белгіленген санитарлық нормалар мен табиғатты қорғау талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
Өнделген және ағынды сулардың төгінділері канализация жүйесіне, ал өндірістік қызмет қалдықтары оларды кәдеге жарату және көмуге арналған арнайы орындарға жіберіледі. Май толтырылған құрал-жабдықтары бар қосалқы станцияларда май жиынтықтары мен май қабылдағыштардың жұмыс қабілеттілігі қамтамасыз етілген.
Өткізілетін іс-шаралар есебінен қоршаған ортадағы эмиссиялардың төмендеу динамикасы байқалады. Мысалы, "Қарағанды Су" ЖШС соңғы жылдары су объектілеріне ластаушы заттардың жіберілуін негізгі құрылыстарды қайта жаңарту бойынша іс-шаралар есебінен, сондай - ақ негізгі ингредиенттер бойынша ағынды суды тазалауды жақсартуды қамтамасыз ететін жаңа "Полипор" аэрация жүйесін аэротанкте енгізуі айтарлықтай қысқартты.
"ҚКЖ" ЖШС өндірістік процестің әрбір сатысында қоршаған ортаның тазалығы мен болашақ ұрпаққа алғашқы күйін сақтай отырып, оған теріс әсерді азайту үшін барлық күш-жігерін барынша салуда.