Тасымалдау және тарату

Тасымалдау және тарату

«Қарағанды Жарық» ЖШС

«Қарағанды Жарық» ЖШС

«Қарағанды Жарық» ЖШС Қарағанды қ. және Қарағанды облысының, қалалық, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық тұтынушыларын электрмен жабдықтауға арналған 0,4-220 кВ электрлік желілерін пайдалануға беруге мамандандырылады. Серіктестік 2003 жылдың 1 наурызында бұрын «Караганда Дистрибьюшин» құрамында болған жоғары вольтты электрлік желілері (ЖЭЖ) мен  төмен вольтты электрлік желілері (ТЭЖ) негізінде құрылған.

«Қарағанды Жарық» ЖШС  қызмет көрсету аумағының ауданы 21,39 мың ш.км құрайды. Электрлік желілер аудандарының шекарасы Қарағанды облысы және Қарағанды қ. әкімшілік-аумақтық бөлінуіне сәйкес, желілердің көлемі мен конфигурациясы негізінде бекітілген. ҚС жабдығында, электр беру және байланыстар, ғимараттар, құрылыстар және коммуникация жолдарында оперативті және пайдалану-жөндеу қызметін жүзеге асыру үшін, «Қарағанды Жарық» ЖШС құрамында 15 электрлік желілер ауданы, сонымен бірге 16 өндірістік қызметтер және бөлімдер ұйымдастырылды.

"Қарағанды Жарық" ЖШС техникалық сипаттамасы:

  • Электр берілісінің әуе желілері 0,4-110кВ – 4830 км;
  • Кабельдік электр желілері 0,4-35 кВ – 1420км;
  • Қосалқы станциялар 220-110-35кВ – 106 бірлік.
  • Қызмет көрсету көлемі – 54 700 шартты бірлігі. Қызметкерлер саны– 1600.

«Қарағанды Жарық» ЖШС стратегиялық, тіршілік объектісі болып табылады. Серіктестік Орталық Қазақстан электр энергетикасын әрі қарай сәтті дамуына негізгі мәні бар маңызды инвестициялық жобалар қатарын жүзеге асырды.

Мысалы, «ЖЭО-3 – Жаңа қала» ӘЖ-110 кВ құрылысы келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:

  • қосымша электрлік қуаттарының қосылу мүмкіндігі (оның ішінде шағын және орта бизнес мекемелері, әлеуметтік-тұрмыстық және тұрғын үй мақсатындағы объектілердің);
  • барлық санаттағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру;
  • көрсетілетін қызметтер сапасының жақсаруы;
  • тасымалданатын электр энергиясының нормативтен тыс шығындарының азаюы.

"Қарағанды Жарық" ЖШС негізі төмен кернеу класы желісінің конфигурациясы өзгерісіне бағытталған  жыл сайынғы жөндеу және инвестициялық бағдарламасын нормативті шығындар мөлшерін азайту мақсатымен сәтті жүзеге асырады.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС - электр желілері және қосалқы станцияларын 110/35/6-10/0,4 кВ кернеуімен пайдалануға беретін Түркістан облысындағы электржелілік компаниясы.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өз электр желілері бойынша энергия көздерімен («Шар ГЭС» АҚ,  «3-Энергоорталык» АҚ, п/ст 220 ФШМЭС «KEGOC» АҚ) теңгерiмдiк тиесілік шекарасы және пайдалану жауапкершiлігі шекарасынан тұтынушылармен теңгерiмдiк тиесілік шекарасы және пайдалану жауапкершiлігі шекарасына дейін электр энергиясын беру және тарату жөнiндегі қызметтердi көрсетеді.

Кәсіпорын құрамында 117,3 мың. ш.км аумағында орналасқан 16 ЭЖ (аудандық электрлік желісі) бар. Облыс аумағында 898 елді мекен, оның ішінде облысқа бағынышты 4 қала орналасқан: Шымкент, Арыс, Түркістан, Кентау.

«Оңтүстік Жарық Транзит» қызметінің негізгі түрлері:

  • Электр энергиясын беру және тарату;
  • Электр желілері және қосалқы станциялардың барлық түрін пайдалануға беру (трансформаторлық қосалқы станиялары, таратушы құрылғылары, релелік қорғаныс және автоматика);
  • Техникалық қызмет көрсету (жай-күй диагностикасы, техникалық құрылғының жарамдылығын, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру, элементтерді ауыстыру, жөндеу, зақымдануларды жою) энергетикалық жабдықты авариялық, ағымдық және күрделі жөндеу;
  • Өлшеу құралдарын жөндеу.

Кәсіпорын қызметкерлері саны – 3 000 адамнан астам.

"Маңғыстау аймақтық электржелілік компаниясы" АҚ

"Маңғыстау аймақтық электржелілік компаниясы" АҚ

Маңғыстау облысы электр энергиясын тасымалдау және бөлуге бағытталған. "МЭБК" АҚ желілері бойынша жіберілетін электр энергиясын тұтынудың негізгі көлемі Маңғыстау аймағының мұнай-газ секторының нысандары болып табылады. Маңғыстау облысының электр энергиясын бөлу нарығында "МЭБК" АҚ үлесі 90% - ды құрайды. "МЭБК" АҚ басты басымдықтары аймақта энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, акционерлік капиталдың құнын арттыру, әлеуметтік жауапкершілік болып табылады.

"МЭБК"АҚ техникалық сипаттамалары

  • Әуе және кәбіл электр тасымалдау желілері – 6 170 км.
  • 1974,5 МВА жалпы жиынтық қуатты күш трансформаторлары- 535
  • 220-110-35/6-10кВ қосалқы станциялар – 57 бірлік.
  • Жиынтықты-трансформаторлық қосалқы станциялар – 428

"МЭБК" АҚ жылына электр энергиясы 2,5 млрд. кВт/сағ. астам өз желілері арқылы тасымалдайды. Кәсіпорынның қызметкерлерінің саны – 667 адам.