Компания басшылығы

Компания басшылығы

Райымбеков Жалғас Сәкенұлы

Райымбеков Жалғас Сәкенұлы

«Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС - Комплеанс директоры

Райымбеков Жалғас Сәкенұлы, 1987 жылы 3-қазанда Алматы облысы Сарқанд қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Талдықорған экономикалық-техникалық колледжінде «Салық ісі» мамандығын үздік тамамдаған.

2009 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясында «Қаржыгер» мамандығын игеріп шықты. Бұдан бөлек, 2019 жылы кешенді бағдарлама аясында басқару тетіктері мен міндеттері бағыты бойынша Астана қаласындағы EY бизнес Академиясын (CIA, MBA) меңгерген.

Еңбек жолын 2007 жылы «Альянс Банк» АҚ несие келісім-шарттарын үйлестіру бөлімінде маман ретінде бастаған.

2008-2009 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы салық басқармасының жетекші салық инспекторы қызметін атқарды.

2009 жылы Алматы қаласы бойынша Салық департаменті заңды тұлғалардың салық есебін сараптау бөлімінде бас салық инспекторы болып еңбек етті.

2010-2013 жылдары Жалғас Райымбеков ішкі аудит және комплеанс Департаментінің салықты жоспарлау басқармасында жетекші, кейіннен «Resmi» компаниялар Тобында салықты жоспарлау және әкімшілендіру Басқарушысы қызметін атқарды.

2013-2014 жылдары «Торговый Дом «ТЭК-КАЗАХСТАН» ЖШС Салықты әкімшілендіру Департаментінің директоры лауазымын атқарды.

2014 жылы «Ordabasy Group» ЖШС салықтық сараптама бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылы «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС ішкі аудит бөлімінің жетекшісі болып еңбек етті.

2023 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап, Жалғас Сәкенұлы «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС Комплеанс директоры қызметіне тағайындалды.

Жалғас Райымбеков 15 жылдан бері отандық және халықаралық салық және бухгалтерлік заңнамалар саласында қажырлы еңбек етіп келеді.

Осы арқылы түрлі корпоративті тәуекелдердің алдын алып, оған сараптама жүргізіп, инвестициялық жобалардың қорытындыларын талдап, ішкі тексеру жүргізуде нағыз маман болып қалыптасқан. Үйленген, 5 баласы бар.