Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар - «Қарағанды» қосалқы станциясын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

«Қарағанды» қосалқы станциясын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

«Қарағанды» қосалқы станциясын жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жұма, 17 сәуір 2026

«Қарағанды Жарық» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында 2023–2027 жылдарға жоспарланған «Қарағанды» қосалқы станциясын кезең-кезеңімен жаңғырту жобасы іске асырылуда.

Қазіргі таңда бірқатар маңызды жұмыстар орындалды:
— 110 кВ ашық тарату құрылғысының (АТҚ) аумағы жоспарланды;
— 6 кВ жабық тарату құрылғысының (ЖТҚ) жаңа ғимараты салынды;
— 110 кВ АТҚ қайта жаңғыртылды;
— CHINT өндірісінің 110/35/6 кВ заманауи трансформаторы орнатылды.

2026 жылы тұтынушыларды ескі 6 кВ ЖТҚ ғимаратынан жаңасына көшіру жоспарланып отыр. Бұл нысанды жаңғыртудың келесі кезеңі болмақ.

Жобаны жүзеге асыру Қарағанды қаласы тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз етудің сенімділігі мен сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.












Тізімге оралу