Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар - Энергетика мамандығының студенттері «Қарағанды Жарық» базасында өндірістік тәжірибеден өтуде

Энергетика мамандығының студенттері «Қарағанды Жарық» базасында өндірістік тәжірибеден өтуде

Энергетика мамандығының студенттері «Қарағанды Жарық» базасында өндірістік тәжірибеден өтуде
Дүйсенбі, 20 сәуір 2026
Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің «Техник-энергетик» мамандығы бойынша 2-курс студенттері алғашқы өндірістік тәжірибесін Қарағанды Жарық базасында өтуде.

Бүгін олар үшін қауіпсіздік техникасы бойынша алғашқы нұсқама өткізілді — бұл өндірістік ортаға бейімделудің маңызды кезеңдерінің бірі.

???? жабдықтармен және өндірістік процестермен танысты;
???? өндірістегі негізгі қауіп-қатерлер мен олардың алдын алу тәсілдерін үйренді;
???? қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен жеке қорғаныс құралдарын қолдануды меңгерді;
???? төтенше жағдайларда әрекет ету және алғашқы көмек көрсету дағдыларын алды;
???? өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарын қайталады.

Өндірістік тәжірибе студенттерге тек теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, нақты өндірістік ортаға бейімделуге мүмкіндік береді.

Болашақ энергетиктерге сенімділік, кәсіби даму және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды тілейміз! 
Тізімге оралу