Өскеменде жылыту маусымы аяқталды: ЖЭО жөндеу жұмыстарына және қуаттылықты кеңейтуге көшті
Сәрсенбі, 22 сәуір 2026
Маусым тұрақты аяқталды
Өскеменде жылу беру маусымы ресми түрде 22 сәуір күні сағат 00:00-де аяқталды. Ол барлығы 203 тәулікке созылды. Осы кезең бойы Өскемен ЖЭО халықты, әлеуметтік нысандарды, бизнес пен өнеркәсіпті жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етті. Өндірілген жылу энергиясының жалпы көлемі 2,15 млн Гкал құрады.
Келесі қысқа дайындық басталды
Станцияда жөндеу науқаны басталып кетті. Ол қазан айына дейін жалғасады және негізгі жабдықтардың барлық 17 бірлігін қамтиды. 2026 жылы бұл мақсаттарға 15 млрд теңгеден астам қаражат бағытталады.
Сонымен қатар, станцияны кеңейту бойынша — №13 турбоагрегат пен №16 қазандық агрегатын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жалғасуда. Бұл жоба жылу қуаттылығының тапшылығын азайтуға және өңірді энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын арттыруға бағытталған.
Станцияның ірі жобалары:
1. Қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету бойынша ең озық қолжетімді техникаларды енгізе отырып, ст.№ 13 турбоагрегатының және ст. № 16 қазандық агрегатының құрылысымен станцияны кеңейту.
2. АТҚ-2 құрылғысын реконструкциялау — жобаны іске асыру 2026 жылдан 2029 жылға дейінгі төрт кезеңге есептелген.
3. Жер асты өнеркәсіптік су құбыры желілерін күрделі жөндеу — жұмыстар 2025 жылы басталды. Аяқталуы 2028 жылға жоспарланған.
4. Бас корпусты қайтақұрастыру— жұмыстар 2025 жылы басталды. Аяқталуы 2027 жылға жоспарланған.