«МӨЭК» АҚ энергетиктері облыстық шағын футбол чемпионатында бақ сынайды
Дүйсенбі, 4 мамыр 2026
«МӨЭК» АҚ командасы бірінші лигада өнер көрсетіп, өңірдегі ірі кәсіпорындардың 12 командасымен бақ сынайды. Чемпионатты Маңғыстау облысының футбол федерациясы ұйымдастыруда.
Биыл компания намысын қорғайтын ойыншылар қатарында: Аян Ойлашев, Медет Темірлан, Қуаныш Бектұров, Қайрат Төлепов, Берекет Қоңыров, Нұржан Жаңаев, Бауыржан Салахатов, Ернұр Нұржігіт, Көбейсін Көмеков, Қанат Серіков, Рамазан Сармысов, Бекмұрат Исмағұлов, Рауан Қалбаев, Алтынбек Мұстажаев, Қанат Әбенов, Саид Жананадай, Еран Мурлиханов, Нұрсұлтан Құлмақ, Қайсар Елубай.
Чемпионат қарсаңында команда лигааралық кубокта бақ сынап, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша энергетиктер ширек финалға дейін жетті.
«МӨЭК» АҚ қала тұрғындарын команданы қолдауға шақырады. Жанкүйерлердің қолдауы мен сенімі — ойыншылар үшін үлкен күш пен қосымша мотивация.
*****