Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар - Халықаралық инвесторлар Қарағанды облысындағы энергетикалық кәсіпорындарының жұмысымен танысты

Халықаралық инвесторлар Қарағанды облысындағы энергетикалық кәсіпорындарының жұмысымен танысты

Халықаралық инвесторлар Қарағанды облысындағы энергетикалық кәсіпорындарының жұмысымен танысты
Бейсенбі, 11 маусым 2026

Қытай мен Гонконгтан келген халықаралық инвесторлар мен қаржы институттарының өкілдерінен құралған делегация «Қазақстан коммуналдық жүйелері» (ҚКЖ) компаниялар тобына кіретін «Караганда Энергоцентр» ЖШС және «Қарағанды Жарық» ЖШС нысандарында болды.

Делегация құрамына Prudence, Fountainhead Partners, Lux Aeterna Capital Limited, Bank of Xinjiang, China International Capital Corporation (CICC), EIP және Minsheng Bank инвестициялық компаниялары мен қаржы ұйымдарының өкілдері кірді. Жалпы таныстыру сапарына инвестициялық қауымдастықтың 12 өкілі қатысты.

Оларға ҚКЖ компаниялар тобының қызметі бойынша презентация ұйымдастырылып, онда кәсіпорындардың негізгі өндірістік көрсеткіштері, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар, сондай-ақ алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық шаралары таныстырылды.

«Караганда Энергоцентр» ЖШС нысандарында инвесторлар электр және жылу энергиясын өндірудің технологиялық үдерісін көрді. ЖЭО-3-ке сапар барысында қонақтар қазандық және турбиналық цехтарды аралап, негізгі генерациялаушы жабдықтардың жұмысын, жөндеу науқанының барысын және өндірістік қуаттарды жаңғырту жоспарларымен танысты.

Атап айтқанда, ЖЭО-3 кеңейту жобасы таныстырылды. Бастама аясында жаңа энергоблок орнату көзделген, ол станцияның электр қуатын 140 МВт-қа, ал жылу қуатын 180 Гкал/сағ-қа арттыруға мүмкіндік береді.

«Қарағанды Жарық» ЖШС-не сапар кезінде инвесторларға компанияның инвестициялық бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Ерекше назар «Жаңа Майқұдық» қосалқы станциясына аударылды. Мұнда сапарға қатысушылар ашық тарату құрылғысының және 10 кВ жабық тарату құрылғысының (ЖТҚ) жұмысымен танысты. Кәсіпорын мамандары электр желісі жабдықтарын нақты уақыт режимінде жедел бақылау мен басқаруды қамтамасыз ететін SCADA жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетті.

Сапар шетелдік инвесторларға Қарағанды облысындағы энергетикалық кәсіпорындардың қызметі туралы жан-жақты түсінік алуға мүмкіндік берді. Қонақтар энергия кәсіпорындарындағы өндірістік үдерістердің жоғары деңгейін, энергетикалық нысандарды жаңғыртуға бағытталған жүйелі тәсілді, сондай-ақ генерациялаушы және желілік қуаттарды дамыту бойынша іске асырылып жатқан жобаларды жоғары бағалады.

Инвесторлар өңірдің сенімді энергиямен жабдықталуын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның энергетика саласының инвестициялық әлеуетін одан әрі зерделеуге қызығушылық танытты.








Тізімге оралу