Қазақстандық энергетиктер елге жеңіспен оралды
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026
Жеңімпаздарды елде әріптестері қарсы алып, команданы лайықты өнер көрсетуімен және маңызды кәсіби жетістігімен құттықтады.
Қазақстан намысын халықаралық додада «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобына кіретін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мен «Энергосистема» ЖШС мамандары қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы I орын иеленіп, халықаралық жарыстың үздік командасы атанды. Екінші орынды Әзірбайжан, үшінші орынды Түркия командасы иеленді.
Енді халықаралық байқауды өткізу эстафетасын Қазақстан қабылдамақшы. 2027 жылы Түркі мемлекеттерінің энергетиктері түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістанда бас қоспақ.