Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар - «МӨЭК» АҚ 60 жылдық мерейтойын атап өтуде

«МӨЭК» АҚ 60 жылдық мерейтойын атап өтуде

«МӨЭК» АҚ 60 жылдық мерейтойын атап өтуде
Дүйсенбі, 2 қараша 2026
Биыл «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобының құрамына кіретін «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» (МӨЭК) АҚ өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Алпыс жыл ішінде кәсіпорын Маңғыстау облысының энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып, өңірдің электрмен жабдықтау жүйесіндегі маңызды кәсіпорындардың біріне айналды.

Компанияның қалыптасу және даму тарихы – энергетика саласының бірнеше буын мамандарының қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бүгінде МӨЭК электр желілерінің сенімділігін арттыру, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Кәсіпорынның басты құндылығы – оның ұжымы. Өз ісіне адал энергетиктердің кәсібилігі мен жауапкершілігі өңірдің тұрақты дамуына және тұтынушыларды сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етуге негіз болып отыр.

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобы МӨЭК ұжымы мен ардагерлерін 60 жылдық мерейтойымен құттықтайды!

Барша қызметкерлерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

Тізімге оралу