Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар - «Қарағанды Жарық» трансформаторлық қосалқы станцияларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуде

«Қарағанды Жарық» трансформаторлық қосалқы станцияларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуде

«Қарағанды Жарық» трансформаторлық қосалқы станцияларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуде
Сәрсенбі, 4 қараша 2026
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» (ҚКЖ) компаниялар тобының құрамына кіретін «Қарағанды Жарық» ЖШС мамандары № 2194 және № 263 трансформаторлық қосалқы станциялардың жабдықтарына ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар кешенін жүргізді.

№ 2194 трансформаторлық қосалқы станцияда жабдықтарға ағымдағы жөндеу жүргізіліп, түйіспелі қосылыстар тексерілді, ішкі үй-жайлардың қабырғалары мен төбелері шаңнан тазартылды. Сондай-ақ күштік трансформаторға трансформатор майы қосымша құйылды.

№ 263 трансформаторлық қосалқы станцияда мамандар түйіспелі қосылыстарды тексеріп, ішкі үй-жайлар мен трансформатор камераларын шаңнан, ластанудан және май қалдықтарынан тазартты. Сонымен қатар ПН-2 типті және 6 кВ кернеуге арналған ПКТ сақтандырғыштары ауыстырылып, трансформаторға май қосымша құйылды және сыртқы есіктердің бояуы жаңартылды.

Жоспарлы жөндеу-профилактикалық жұмыстар жабдықтардың техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге, ықтимал ақаулардың алдын алуға және апаттық ажыратулар қаупін төмендетуге бағытталған.

«Қарағанды Жарық» ЖШС электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, электр желілері инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету және оны жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Тізімге оралу