Арнайы мамандардың қатысуымен ұйымдастырылған оқу-жаттығу полигонында энергетиктер төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі дұрыс әрекет ету, электр қондырғыларында қауіпсіз жұмыс жүргізу және зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету дағдыларын пысықтады.
Тәжірибелік сабақтар барысында қызметкерлер:
- зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету тәсілдерін меңгерді;
- электр желілерінде қауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарын қайталады;
- электр тогының әсеріне ұшыраған адамды кернеу астындағы бағанадан қауіпсіз түсіру әдістерін пысықтады;
- төтенше жағдайларда шұғыл әрі үйлесімді әрекет ету бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындады.
Мұндай оқу-жаттығулар энергетиктердің кәсіби даярлығын жетілдіріп қана қоймай, өндірістік тәуекелдерді азайтуға, жазатайым оқиғалардың алдын алуға және қызметкерлердің кез келген күрделі жағдайға дайындығын арттыруға ықпал етеді.
ҚКЖ үшін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі. Өйткені кәсіби даярлығы жоғары мамандар мен қауіпсіз еңбек мәдениеті – тұтынушыларды тұрақты әрі сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етудің негізі.