Өскемен ЖЭО 2024 жылдың I жарты жылындағы тарифтік смета мен инвестициялық жобаның нәтижелерін ұсынды
Өскемен ЖЭО 2024 жылдың I жарты жылындағы тарифтік смета мен инвестициялық жобаның нәтижелерін ұсынды
Сәрсенбі, 31 шілде 2024
2024 жылғы 30 шілдеде «Өскемен ЖЭО» ЖШС мәжіліс залында ZOOM бейнеконференцбайланысы арқылы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептердің жария тыңдауы өтті.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Данияр Нұғыманов қатысушыларға кәсіпорын туралы жалпы ақпаратты ұсынып, жылу энергиясын өндіру бойынша тарифтік сметасының және инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есеп www.uktets.kz сайтында жарияланғаны туралы айтып өтті.
- 01.02.2024-30.06.2024 кезең аралығында 42 тұтынушы – заңды тұлғалармен жылу энергиясын босатуға шарттар жасалды. Тікелей «Өскемен ЖЭО» ЖШС-не 6 тұтынушы қосылған, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ желілері арқылы 31 тұтынушы қосылған, ал «Казцинк» ЖШС желілері арқылы 5 тұтынушы қосылған, - деп тарифтер бойынша бас маман Ирина Киняпина баяндап берді.
Тыңдауда жылу энергиясын өткізу көлемі мен қолданыстағы тарифтер, тұтынушылармен жұмыс, жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтің қаржылық көрсеткіштері туралы; бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы; бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы; қызметтің перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы есептер тыңдалды.
Уақытылы жүргізілген іс-шаралардың, жөндеулер мен инвестициялардың арқасында Өскемен ЖЭО тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2024-2025 жылдардағы жылу маусымына сапалы және уақтылы дайындалады.