Қарағанды ЖЭО-1-де екі қазандық агрегатына күрделі жөндеу жүргізілуде
Бейсенбі, 1 тамыз 2024
Маусым айының басынан бастап №3 энергетикалық қазандық агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу 70% орындалды. Жұмыс көлемін тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Мұндағы негізгі іс-шаралар қазан шегіндегі құбырларды ауыстырумен байланысты - бу салқындатқыштың және бу шығаратын құбырлардың барабаннан бастап бу салқындатқышқа дейінгі кіріс және шығыс желілері. Қазандықтың күл шығару жүйесі жөнделеді, шикі көмір бункерлерінің металл конструкциялары ауыстырылады, шнектерді ауыстыру арқылы шикі көмір қоректендіргіштері жөнделеді, екі шаң көмір оттығы жөнделеді, газ құбырының жылу оқшаулағышы қалпына келтіріледі. Қазандық арматурасын жөндейді.
№ 3 ПТВП-100 су жылыту қазандық агрегатын күрделі жөндеу. Бұл қазандық желілік суды қыздыруға арналған және негізгі жұмыстар экрандық құбырларды ауыстыруға бағытталған. Монтаждау кезеңі аяқталды, 30 тоннадан астам металл ауыстырылды. Қазандық агрегатына гидравликалық сығымдау жүргізілді. Қазіргі уақытта қазандықты қаптау (жылу оқшаулау) жұмыстары жүргізілуде. Шаң көмір оттықтарын ауыстыру жүргізіліп жатыр, оларды пайдалану ауыр температуралық жағдайларда 1 700 °С жоғары болады. Шикі көмір бункерлері жөнделеді.
№3 турбоагрегаттың кеңейтілген-ағымдағы жөндеу жұмыстары 1 шілдеде басталды. Диафрагмалары бар цилиндрдің ағын бөлігіне үлгілік жөндеу жүргізіліп жатыр. Турбина мойынтіректерінің үш тірегі, реттеу жүйесі және май жүйесі жөнделуде. Арматураны қалпына келтіреді.