Өзбекстан мемлекеттік құрылымдары өкілдері Өскемен ЖЭО-да болды
Өзбекстан мемлекеттік құрылымдары өкілдері Өскемен ЖЭО-да болды
Сәрсенбі, 4 қыркүйек 2024
28 тамыз күні Өскемен ЖЭО-да қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу тәжірибесімен танысу мақсатында Өзбекстан Республикасының мемлекеттік құрылымдары мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері болды.
Эмиссияларды бақылаудың автоматтандырылған жүйелері кәсіпорын шығарындыларының 99%-дан астамы жүзеге асырылатын №3 түтін құбырында және нормативтік-таза ағынды сулардың коллекторында орнатылған. Қонақтар Германия, Швейцария және басқа да жеткізушілердің орнатылған жабдықтарымен, бағдарламалық жасақтамасымен, өлшеу құралдарымен танысты.
Кездесу тәжірибе және пікір алмасу форматында өтті.