Жуырда, 2016 жылдң 29 қыркүйегінде жылыту маусымының алдында Қарағандыда қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған «Қарағанды су», «Қарағанды Жарық», «Қарағанды жылу орталығы» мен өзге де компания өкілдері шақырылды.
Қозғалған басты мәселе қысқа дайындық болды. Қалада жылыту маусымы 1-ші қазаннан басталды. Аталған кәсіпорындардың бірінші басшыларының есебінен кейін қоғамдық кеңес облыс орталығын қысқы маусымға сақадай сай деген түйін жасады»

Сондай-ақ, «Қарағанды Жылуорталық» ЖШС Бас директоры Мәди Әбішев жылу беруші нысандардың ағымдағы жөндеу жұмыстары мен қайта жаңартылуы дер кезінде және сәтті аяқталғанын атап өтті. ЖЭО-3-ке 520 МВт жүктеме бекітілген. ЖЭО-1-де де тура осындай жүктеме. Мәди Әбішевтің айтуынша, сұйық отын қоры жеткілікті.
Компания өкілдері жаңа жылу беруші блоктың іске қосылуына байланысты қысқы мерзімде станция жұмысы жүйелі және сапалы жүреді дейді.
Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері Қарағандыдағы жылу беруші кәсіпорнының қолға алған тірліктеріне қанағаттанатынын жеткізді.