Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар - Республика күніне орай энергетика саласының үздіктері марапатталды

Республика күніне орай энергетика саласының үздіктері марапатталды

Республика күніне орай энергетика саласының үздіктері марапатталды
Бейсенбі, 24 қазан 2024

Бүгін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Республика күніне орай ресми шара ұйымдастырып, еліміздің энергетика секторының дамуына қосқан үлестері үшін сала үздіктері жоғары марапаттарға ие болды.

Салтанатты жиын аясында Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов іс-шараға қатысушыларды құттықтап, кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін марапаттар табыс етті.

Осылайша, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры Сабырғали Мұхаметқалиұлы жоғары кәсіби шеберлігі мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Аталмыш орденмен «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Тоқтарұлы да марапатталды. Марапаттау рәсімі облысы әкімі Ермек Беделбайұлының қатысуымен өтті.

Сонымен қатар, «Караганда Энергоцентр» ЖШС-нің ЖЭО-3 қазандық цехының аға машинисі Амангельді Ақмадиұлы да кәсіби жетістіктері III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіне ие болды. Осылайша, оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету арқылы қазандықтардың тұрақты қызмет етуіне қосқан еңбегі ескерілді.

Энергетика вице-министрі марапатталған қызметкерлердің Қазақстанның дамуы мен тұрақтылығы үшін атқарып жатқан еңбегін жоғары бағалап, олардың елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін ерекше атап өтті. Бүгінгі күні энергетиктердің жұмысы экономиканың барлық саласына әсер етеді және олардың тынымсыз еңбегі мемлекет үшін стратегиялық маңызды.

Шара соңында Алибек Жумабекұлы қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, аталмыш мереке елдің егемендігі мен тәуелсіздігін көрсететін маңызды күн екендігін атап өтті!

Тізімге оралу