Түркістан облысы әкімдігінің азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес, 22-24 қазан аралығында Мақтаарал ауданында кешенді оқу-жаттығулар өтті.
Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар сценарийлерімен өткен шараға Мақтаарал электр желілері белсенді қатысты. Оқу-жаттығулар барысында «Азаматтық қорғаныс қызметтері мен басқару органдарының, сондай-ақ азаматтық қорғаныс нысандарының төтенше жағдайларда әрекет ету» тақырыбы бойынша тәжірибе жасалды.
Мақтаарал электр желілері командасы сейсможаттығуға қатысып, электр желілерінде төтенше жағдайларды жоюға дайындықтарын көрсетті.
Мақтаарал электр желілері басшысы Жантөре Нармұхамедов кеңесте ұжымның дайындық деңгейінің маңыздылығын ерекше атап өтті.