Энергетика кәсіпорындары үшін білікті кадрларды іріктеу мәселесі өте маңызды, бұл ретте тиімді шешімдердің бірі - дуалды оқыту.
«Карағанды Энергоорталығы» ЖШС энергетикалық мамандықтардың студенттерін дуалды жүйе бойынша даярлау үшін қаладағы оқу орындарымен бес жылдан бері ынтымақтасып келеді. Компания білім беру бағдарламаларын қолдайды, өндірісте кәсіби оқытуды өткізеді және тәлімгерлердің жетекшілігімен тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Теориялық білімді студенттер оқу орындарында алса, кәсіби дағдыларын компанияда жұмыс барысында жетілдіреді.
2022 жылдан бастап практикалық сабақтар «Карағанды Энергоорталығы» Корпоративтік оқу орталығында өткізіледі, мұнда қызметкерлер жастардың болашақта компанияның кәсіби мамандары болатындарын біліп, даярлау процесіне барынша тартылады.
Биыл Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің «Теплоэнергетика» мамандығындағы 3-курстың 12 студенті оқу орталығында білім алып, аптасына бір рет ЖЭО-3-ке барып, «Қазандық қондырғылары мен бу генераторлары» мен «Жылу энергетикалық станцияларының турбиналық қондырғылары» курстарын зерттеуде.
«Қазандық қондырғылары мен бу генераторлары» курсы бойынша практикалық сабақтарды ЖЭО-3-те қазандық машинисі Темір Онғар жүргізеді, ол теориялық білімінің жоғары деңгейімен, жауапты көзқарасымен және белсенді өмірлік позициясымен ерекшеленеді.
Студенттер ЖЭО-да алған білімдерінің кәсіби даярлығын айтарлықтай арттыратынын, сондай-ақ оларды күрделі үдерістерді терең түсініп, жылу электр станциясындағы нақты жұмыс жағдайларына бейімделуге мүмкіндік беретінін атап өтуде.