Шымкентте жаңа заманауи подстанция іске қосылды
Жұма, 1 қараша 2024
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і Шымкенттің энергетикалық инфрақұрылымын жаңарту және кеңейту бағытында ауқымды жобаларын жалғастыруда. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2х40 МВА (36МВт) қуаттылығындағы ПС-110/10-10 кВ подстанциясының құрылысын сәтті аяқтап, 110 кВ кабельдік желісімен қамтамасыз етті. Бұл подстанция қала тұрғындары мен бизнес үшін электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Шымкенттің қарқынды дамуына қолдау көрсетеді.
Жаңа объект эксплуатацияға енгізілді және Абай мен Аль-Фараби аудандарында белсенді дамып келе жатқан жаңа тұрғын және коммерциялық кешендерді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін арналған. Бұл жерде көпқабатты үйлер мен әлеуметтік, мәдени нысандардың ауқымды құрылыс жобалары жүзеге асырылуда, сондықтан подстанцияның іске қосылуы қаланың өсіп келе жатқан энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін маңызды қадам болып табылады.
Яғни, подстанцияның іске қосылуымен «Гранд Парк», «Атамұра», «Дендропарк» және «Тұмар» көпқабатты тұрғын үйлері мен әлеуметтік, мәдени және коммерциялық нысандарды электр энергиясымен қамтамасыз ету жоспарлануда.