21 қарашада Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Қыс–2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына дайындық аясында шұғыл әрекет ету жасағының (ШӘЖ) және адамдарды іздеу-құтқару командасының (АІҚК) дайындық сапын өткізді.
«Қарағанды Жарық» ЖШС іс-шараның басты қатысушыларының бірі болып, қыстың төтенше жағдайларында жұмыс істеуге жоғары деңгейде дайын екенін көрсетті. Компания жасағының құрамында алты тәжірибелі маман және төтенше жағдайлардың салдарын жоюға арналған бір арнайы техника болды.
Іс-шара Төлепов көшесіндегі «Шахтер» стадионының маңындағы алаңда өтті.
«Қарағанды Жарық» ЖШС өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жүйесін құруға белсенді қатысуда.
Компанияның дайындығы – қыс мезгілінде тұрғындардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі!