Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру аясында электр тарату желілерін қайта құру және жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
???? Не жасалды:
«ГПП-1 – ПС Сарань» 110 кВ әуе желісін қайта құру, оның ішінде келесі учаскелер: • «ГПП-1 – ПС Караганда» 110 кВ әуе желісі; • «Сарань – ПС Караганда» 110 кВ әуе желісі.
Желінің трассасы бойынша ұзындығы 23,7 км құрайды.
Қазіргі уақытта «ГПП-1 – ПС Караганда» 110 кВ әуе желісінің учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Құрылыс және монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) аяқтау 2025 жылдың маусымына жоспарланған.
Аталған шаралар электр энергиясын жеткізудің сапасы мен сенімділігін жақсартуға, сондай-ақ инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.