Еңбек адамы: «МӨЭК» АҚ метрологы Нұрсұлтан Құлмақ
Сәрсенбі, 23 сәуір 2025
Ол бұл салада 10 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қарапайым метрологтан бастап, үздіксіз үйрену мен кәсіби дамудың арқасында қазіргі қызметіне дейін көтерілді.
Метролог мамандығы үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені энергетикалық жүйенің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі өлшеу құралдарының дәлдігіне тікелей байланысты, дейді бас маман.
Нұрсұлтан үшін бұл жұмыс — мақтаныш пен қанағаттың көзі. Ол өз еңбегі арқылы облыс тұрғындары мен кәсіпорындарын сенімді энергиямен қамтуға үлес қосып келеді.