Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар - «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС электр жүйелерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС электр жүйелерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС электр жүйелерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде
Дүйсенбі, 28 сәуір 2025
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Шымкент қаласының электр жүйелерін кешенді жаңғырту бойынша маңызды жұмыстарды қолға алуда. 2023-2024 жылдар аралығында компанияның инвестициялық бағдарламасы аясында 218,9 км ескі әуе желілері қайта жаңғыртылып, 107 трансформаторлық қосалқы станция толық ауыстырылды. Бұдан басқа, 5509 тұтынушыға автоматтандырылған есептеу жүйелері енгізілді, бұл қаланың электрмен жабдықтау жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берсе керек.

Компания басшысы Айдар Кеңесбекұлы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімажитұлына атқарылған жұмыстар мен болашақ жоспарлары туралы жан-жақты есеп берді. Алдағы уақытта 2025-2027 жылдар аралығында 248,8 км әуе желілерін жаңарту, 103 трансформаторлық қосалқы станцияны жаңғырту және 14 000 жаңа АСКУЭ құралын орнату жоспарлануда. Бұл ауқымды жобалар қаланың энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту үшін 8,8 млрд теңге инвестиция тартуды қажет етеді.

Шымкент қаласы үшін арнайы дайындалған пилоттық жобаларда, соның ішінде 220кВ «Қызыл Су» қосалқы станциясы арқылы жаңа электр желілерін құру және энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру бағытында бірқатар маңызды шаралар қарастырылған. Бұл жобалар қаланың энергетикалық тұрақтылығын нығайтып, болашақта электр қуатының үзіліссіз және сапалы жеткізілуін қамтамасыз етеді.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС жүргізіп жатқан жұмыстар қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, сондай-ақ, кәсіпорынның тұтынушыларына қызмет көрсету деңгейін арттыруға бағытталған. Жаңғырту бастамалары - Шымкент қаласының энергетикалық болашағына сенімді қадам.
Тізімге оралу