"Қарағанды Жарық" ЖШС электр энергиясын жеткізудің сенімділігін арттыру және ескірген жабдықтарды жаңғырту шаралары аясында Қарағанды облысының Ақтас кентінде әуе және кабель желілерін қайта жаңарту, сондай-ақ трансформаторлық қосалқы станцияларды техникалық жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді.
10 кВ әуе кабель желілерін қайта жаңарту:
- қолданыстағы ағаш және темірбетон тіректер СВ 105-5 маркалы жаңа темірбетон бағандарға ауыстырылды;
- ескірген кабель желілері жалпы ұзындығы 438 метр жаңа кабельдерге ауыстырылды;ашық АС өткізгіші ұзындығы 5,8 шақырым болатын заманауи өздігінен тартылатын оқшауланған сымға (ӨТОС) ауыстырылды.
0,4 кВ әуе кабель желілерін қайта жаңарту:
- №315, №320 және №264 трансформаторлық қосалқы станциялардан көппәтерлі тұрғын үйлерге дейінгі тозған кабель желілері ауыстырылды.
№315, №320 және №264 трансформаторлық қосалқы станцияларды техникалық жаңғырту:
- үш жаңа герметикалық кешенді трансформаторлық қосалқы станция (КТПГ) орнатылды;
- үш ТМ маркалы майлы трансформаторлар қуаты жоғары герметикалық ТМГ трансформаторларына ауыстырылды.
Аталған жұмыстарды жүзеге асыру электр энергиясын жеткізудің сенімділігі мен қауіпсіздігін айтарлықтай арттырып, электр желілеріндегі шығындарды азайтты және заманауи техникалық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етті.
-