logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

Дүйсенбі, 06 Наурыз 2017 11:43

2017 жылдың басынан бері Шымкенттегі «Энергопоток» ЖШС CALL-орталық қызметкерлері 1000-нан астам абонентке керекті кеңес берді

2017 жылдың басынан бері Шымкенттегі «Энергопоток» ЖШС CALL-орталық қызметкерлері 1000-нан астам абонентке керекті кеңес берді

Бүгінде Шымкенттегі «Энергопоток» компаниясының абоненттері  тұрақты түрде көбейіп келеді. Соңғы 5 жылда олардың саны 25% артып отыр. Егер 2012 жылы компания 150 мыңнан астам адамды электр қуатымен қамтыса, қазіргі абонент саны 192 мыңнан асып жығылады. Оның 9 мыңға жуығы заңды тұлға.

«Энергопоток» ЖШС үнемі өз абоненттері үшін ыңғайлы жағдай жасап келеді. Соның аясында компания өкілдері тұтынушылармен кері байланысты ойластырған. Мұндағы механизмнің бірі Call-орталық қызметі. Қазір шымкенттіктер керекті кеңес алу үшін үйден шықпай-ақ, – 40-07-04 немесе   - 8-775-428-89-22 WhatsApp нөміріне хабарласа алады.

WhatsApp 1Биыл жыл басынан бері Сall-орталық қызметіне 1000-нан астам шымкенттік байланысып, қажетті ақпаратпен қамтылған. Бұл әр айда орта есеппен 500 абонентке көмек көрсетіледі деген сөз. Мониторинг мәліметтеріне жүгінсек, ондағы сауалдардың басым бөлігі есептеуіш құралдардың көрсеткіші, бітемелерді алу мен орнатуға байланысты туындайды екен. Бұдан бөлек, бірыңғай төлем құжатына (БТҚ) қатысты ақпарат алу,  дифференциалды тариф және кассалардың қызметіне байланысты сұрақтар жолданады.  

Еске сала кетсек, «Энергопоток» ЖШС қала аумағында абоненттерге ыңғайлы болу үшін  төлем қабылдау бекеттерін көбейтті. Қазір Шымкенттің түкпір-түкпірінде компанияның 19 кассасы жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, БТҚ бойынша коммуналды төлемдерді серіктес-банктер кассаларында және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, сондай-ақ, «Касса 24» терминалдары мен «QIWI» жүйесі арқылы да жүргізуге болады.

.

"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.