Ақпараттық агенттіктер - Қоғам белсенділері жаңа «Дендропарк» қосалқы станциясының жұмысымен танысты

Қоғам белсенділері жаңа «Дендропарк» қосалқы станциясының жұмысымен танысты

Қоғам белсенділері жаңа «Дендропарк» қосалқы станциясының жұмысымен танысты
Сейсенбі, 28 қазан 2025

Республикалық маңызы бар қала ретінде Шымкент қаласы бүгінде қарқынды дамып келеді. Шаһарға қосылған жаңа нысандар мен тұтынушыларды электр энергиясымен қамту мақсатында энергетиктер жаңа қосалқы станциялар салып, электр желілерін жаңалануда.

Былтыр және биыл аяқталған құрылыс және жаңғырту жобалары бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і баспасөз турын ұйымдастырған болатын. Іс шараға сала мамандарымен бірге қоғамдық белсенділер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қуаттылығы 2х40 мегаватампер болатын 110/10-10 киловаттық жабық типтегі жаңа қосалқы станциясы «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясымен инвестициялық бағдарламасы аясында Шымқаланың оңтүстік бөлігінде салынған. Қосалқы станциясы 12 мыңнан астам тұтынушыны электр жарығымен қамтуға есептелген. Нысанның құрылысы 2023 жылы басталып 2024 жылы пайдалануға берілді. Жалпы инвестиция көлемі-5,8 млрд теңгені құраған.

Зұлпыхар Құлтаев, «ОЖТ»ЖШС-нің Орталық Қызметі «Дендропарк» қосалқы станциясының бастығы: «Бұл подстанция Дендропарк 110/10-10 киловольтық 40-тық трансформатор, 40 ячейкасы бар дистанционды басқарудағы ЦДС-тан басқарылды.  Қазір екі трансформатор қосылған біреуінің қуаты жетеді. 40 ячейканың 8 -і істеп тұр. 32 ячейканы қосу үшін кабельдер тартылуда. Тұран, Қайтпас, Самал Биай груптың үйлерін».

Бұдан бөлек «Дендропарк» қосалқы станциясының қуаттылығы Шымкент қаласының іргесіндегі Шымсити шағынауданындағы әлеуметтік, коммуналдық нысандар мен жаңа тұрғын үйлерді сапалы электр энергиясымен үздіксіз қамтуға мүмкіндік береді. Қосалқы станциясының жұмысымен танысқан қоғам белсенділері энергетиктерге өз бағасын берді.

Жанысбек Өтеген, қоғам белсендісі: «Көптеген қаражаттар жұмсалған. Көргеніміз көңілімізден шықты. Тиісті қаражатқа байланысты тірліктер толық атқарылған. Нәтижесін көреміз».

Іске асырылған жобалардың барлығы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының энергия инфрақұрылымын жаңғыртуға, электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және апаттық тәуекелдерді азайтуға бағытталған. Біздің басты мақсатымых — әрбір тұтынушыға сапалы және үздіксіз энергия жеткізу дейді компания өкілдері.

Источник: Otyrar
Тізімге оралу