Қазақстандағы жылу электр орталықтарының (ЖЭО) орташа тозу деңгейі 64%-дан 61%-ға төмендеді.
Елімізде жылу электр орталықтарының сенімділігі мен техникалық дайындық деңгейін арттыру жұмыстары жалғасуда.
«2025 жылы электр станцияларында 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 5 энергоблок, 30 қазандық және 19 турбинада жөндеу жұмыстары жалғасуда. 4 энергоблок, 15 қазандық және 9 турбинадағы жөндеу аяқталды. Өткен жылмен салыстырғанда еліміздегі ЖЭО-ның орташа тозу деңгейі 64%-дан 61%-ға дейін төмендеді. Бұл — жабдықтарды жаңарту және жүйелі түрде жүргізілген жаңғырту жұмыстарының нәтижесі», – деп хабарлады Энергетика министрлігі.
2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша бірқатар жылу энергетика нысандарының техникалық жағдайы жақсарған. 37 жұмыс істеп тұрған ЖЭО-ның ішінде:
Бұрын қызыл аймақта болған 19 нысанның 9-ы сары аймаққа өтті:
-
Екібастұз ЖЭО;
-
Өскемен ЖЭО;
-
Жезқазған ЖЭО;
-
Балқаш ЖЭО;
-
Рудный ЖЭО;
-
Риддер ЖЭО;
-
Шахтинск ЖЭО;
-
Кентау ЖЭО;
-
«Qarmet» АҚ ЖЭО-2.
Сары аймақтан жасыл аймаққа өткен 3 нысан:
-
Атырау ЖЭО;
-
Текелі ЖЭО;
-
«Караганды Энергоцентр» ЖШС ТЭЦ-3.
2025 жылғы тамыздағы жағдай бойынша: 10 ЖЭО — қызыл аймақта, 17 ЖЭО — сары аймақта және 10 ЖЭО — жасыл аймақта.
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары ел көлемінде жалғасып жатыр.