Компания басшылығы
Жашибаев Ануар Қабдыкенұлы
«Қазақстан Коммуналдық жүйелері» ЖШС қаржы директоры
Жашибаев Ануар Қабдыкенұлы 1982 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақстандық экономика және болжау менеджменті институтын (ҚЭБМИ) «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша сәтті аяқтады.
Ануар Қабдыкенұлының қаржы саласында, оның ішінде халықаралық аудиторлық ұйымдарда және ірі отандық компанияларда 19 жылдық аналитикалық және басшылық жұмыс тәжірибесі бар.
Ануар Жашибаев өзінің еңбек жолын 2004 жылы аудиторлық компаниялардың «үлкен төрттігіне» кіретін Ernst & Young халықаралық аудиторлық-консалтингтік компаниясының аудит жөніндегі маманы қызметінен бастады. Содан кейін аталған компанияның аудит жөніндегі бас маманы болып тағайындалды.
2007-2009 жылдары Ануар Қабдыкенұлы – аудит жөніндегі бас маман, содан кейін аудиторлық компаниялардың «үлкен төрттігіне» кіретін Deloitte компаниясы халықаралық желісінің аудит жөніндегі менеджері.
2009 жылы Ануар Жашибаев қазақстандық сақтандыру нарығында қызмет ететін «Allianz Kazakhstan» СК АҚ қаржы директоры лауазымына тағайындалды.
2011–2013 жылдары – еліміздің металлургия саласына зор үлесін қосатын «Востокмашзавод» ЖШС бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары.
2013-2016 жылдары Ануар Қабдыкенұлы республиканың аграрлық саласында қызмет ететін «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары Ануар Жашибаев квазимемлекеттік секторда елдің шағын және орта бизнесін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын ұлттық даму институты болып табылатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етті.
2018-2019 жылдары – жоғары технологиялық коммуникациялық сервистерді дамыту саласында шоғырланған «New Business Technology» ЖШС қаржы директоры.
2019-2021 жылдары Ануар Қабдыкенұлы республиканың аграрлық секторында қызмет атқаратын «Qyzylsha» ЖШС қаржы директоры лауазымында жұмыс істеді.
2022 жылдан бастап 2023 жылдың шілдесіне дейін – көлік және логистика саласына тартылған «КазСино Терминал» ЖШС қаржы директоры.
2023 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Ануар Жашибаев – «Қазақстан Коммуналдық жүйелер» ЖШС қаржы директорының орынбасары.
2023 жылғы 28 қыркүйекте Ануар Қабдыкенұлы «Қазақстан Коммуналдық жүйелері» ЖШС қаржы директоры қызметіне тағайындалды.