Компания басшылығы

Компания басшылығы

Бекмухамбетов Дамир Айболович

Бекмухамбетов Дамир Айболович

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС коммерциялық директоры

Бекмухамбетов Дамир Айболович 1993 жылы 4 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 2013 жылы «Математика, физика, химия» мамандығы бойынша CATS College London (Ұлыбритания, Лондон) бітірді. 2016 жылы Queen Mary University of London (Ұлыбритания, Лондон) университетін «Машина жасау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2016 жылдың қыркүйек айында «Тұлпар-Тальго» ЖШС (Жолаушылар вагондарын шығару зауыты) инженері лауазымынан бастаған. Вагондарды құрастыруға, Испаниядан – Patents Talgo конструкторлық құжаттамасының ұстаушысының сызбалары мен схемаларын түсіндіруге, құралдар мен материалдарға қажеттілікті анықтауға, сатып алуға өтінімдер жасауға қатысты туындаған мәселелерді шешуге тікелей қатысты, дәнекерлеу цехының жұмысына жетекшілік етті.

2017 жылдың шілде айынан бастап – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ техникалық орталығының бас маманы. Осы позицияда Дамир Бекмухамбетов жолаушылар вагондары мен олардың құрамдас бөліктерін пайдалануға беру, жаңғырту, жөндеу және қызмет ету мерзімін ұзарту мәселелері бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманы талдау, әзірлеу және келісу жүргізді.

2018 жылдың мамыр айында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ маркетинг департаментінің бас менеджері болып тағайындалды. Бұл лауазымда қызметтерді тұтынушылармен (теміржол әкімшіліктері, порттар, жүк жөнелтушілер, экспедиторлық, трейдерлік және өзге де ұйымдар) олардың қызметтерге қажеттілігін анықтау, жүк тасымалдарын ұлғайту бойынша қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ теміржол көлігі қызметтеріне жаңа әлеуетті клиенттер мен жүк ағындарын тарту бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырды.

2018 жылдың қараша айынан бастап Дамир Бекмухамбетов – «Казцинк-ТемирТранс» ЖШС Жылжымалы құрам бойынша департамент бастығы. Өз өкілеттігі шеңберінде жүк вагондары мен локомотивтерге жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау мен ұйымдастыруды, қажеттілікті жоспарлау мен қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуді жүзеге асырды.

2020 жылдың ақпан айынан бастап «Жолаушылар тасымалы»АҚ тәуекел-менеджері лауазымында жұмыс істеді. Қоғамның тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін әзірлеуді, енгізуді және жетілдіруді, тәуекелдерді бағалауды, тәуекелдердің жай-күйін бақылауды және мониторингілеуді, Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесі шешімдерінің жобаларын келісуді жүзеге асырды.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Дамир Бекмухамбетов – «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС коммерциялық директорының орынбасары. Функционалдық міндеттеріне сәйкес сатып алу саласындағы еншілес компаниялардың қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырды.

2022 жылдың қаңтарында Дамир Бекмухамбетов «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС коммерциялық директоры лауазымына тағайындалды.