Компания басшылығы

Компания басшылығы

Оспанов Дәулет Ілиясұлы

Оспанов Дәулет Ілиясұлы

«Қазақстандық коммуналдық жүйелері» ЖШС-нің перспективалық даму жөніндегі директоры

Оспанов Дәулет Ілиясұлы 1982 жылы 18 шілде күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 2003 жылы бакалавриат дипломын, кейін 2005 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетінде магистр дипломын алған. 2003 жылы ТМД-ның Ernst & Young Мәскеу кеңсесінде жұмыс істей бастады. 2007 жылы «Ордабасы корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2011 жылы «Қазақстандық Коммуналдық жүйелер» ЖШС даму жөніндегі директоры болды. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстандық Коммуналдық жүйелер» ЖШС перспективалық даму жөніндегі директоры қызметін атқарады. Бұл лауазымда Дәулет Ілиясұлы «Қазақстандық Коммуналдық жүйелер» тобының инвестициялық жобаларын іске асыруға қатысады.