logo

+7 (7172) 279 472

Жаңалықтар мен елеулі оқиғалар

2017 жылғы 23 ақпан күні  "ҚарағандыЖылуСбыт" компаниясы қызметкерлерінің қала тұрғындарымен кезекті жиналысы өтті. Бұл жолы ақпараттық жұмысты Қарағандыда 12-ші шағын ауданының № 1 үйінің тұрғындары арасында жүргізді. Жиынға сондай-ақ, Октябрь ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты. "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС қызметкерлері қарағандылықтарға "ҚЖС" компаниясымен көпқабатты үйлердің инженерлік желілеріне қызмет көрсетілудің артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі баяндады.- Біздің қызмет жалпыүйішілік инженерлік желілеріне сапалы қызмет көрсетуді ұсынады.  Алдымен үй тұрғындарымен шарт жасалады, орындалатын жұмыстар тізбесі түсіндіріледі. Диспетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс істейді. Бүгінгі күні "ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС бірқатар үйлерге ҮИЖҚК қызметін көрсетеді. Біз осы үйлерді қызмет көрсетуге алғаннан кейін, онда көптеген ақаулар жойылды. Айта кетерлігі, осы үйлердің тұрғындары бізге…
Сейсенбі, 21 Ақпан 2017 17:08

Бүкіл өмірі – энергетикада!

Бүкіл өмірін өз жұмысына арнаған адам айналасындағы адамдарда сыйластық пен құрмет тудырады. Бұл тек қана бір нәрсені – өз ісіне шынайы махаббат пен адалдықты білдіреді. «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС энергия ресурстарын сатып алу бөлімінің бастығы Сымбат Исекеев отандық энергетикада, міне, 40 жыл еңбек етуде. Осындайда: "энергетик болып туылған" деп айтады. Сымбат Масғұтұлы өз жұмысы туралы айтқанда, қызыққа түскен әңгімеде жанған көздерінен және өз мамандығы бойынша негізгі білімінен энергетика ардагері ретінде өзінің бүкіл өмірін арнаған жұмысын шын жүректен жақсы көретіні бірден білінеді. Мамандық таңдайтын кезде 17 жасар қарағандылық Сымбат Исекеев өзінің кім болғысы келетінін нақты білген. Жас жігіт энергетик болатынын бұрыннан шешкен. Осы…
Бүгінде Шымкент халық санына келгенде еліміз бойынша Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші орынға тұрақтаған алып шаһар. Аумағы жөнінен Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - 1 200 шаршы шақырымды алып, көш басында тұр. Соған сәйкес, Шымкент халқы да жыл сайын көбейіп жатыр. Әлеуметтің артуына орай, шағын және орта кәсіп өркендеп, тұрғын үй құрылыстары қарқын алған. Бұл нысандарды қуатпен қамту үшін жаңа қосалқы станциялар салынып, электр желілері тартылды. Атап айтар болсақ, 2016 жылы жабық типті 110/10 кВ-тық «Нұрсәт» шағын станциясы пайдалануға берілді. Қазір оңтүстік қазақстандық энергетиктер аумағы кеңейіп жатқан шаһарды кешенді түрде қамту үшін барлық шараны қолға алып, инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруда.   Статистикаға…
Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жылдығына орай Қарағанды қаласындағы М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада ауған соғысының ардагерлері жас ұрпақпен кездесті. Кеңес одағының әскерін Ауғанстан жеріне 1979 жылы енгізіп, 1989 жылдың 15 ақпанында шығарды. Осындай кездесулер жастардағы патриоттық сезімін дамытуға, Отанды қоғауға қатысты құндылықтарды қалыптастыруға және халық пен елдің алдындағы әскери борыштарын орындауға бағытталған. Ұрпақтар сабақтастығы кеші қайтыс болған солдаттарды бір минут үнсіздікпен басталды, әскери тақырыптар да өлеңдер оқылып, деректі фильмдер көрсетілді. Жас қарағандылықтар ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, өздерін толғандыратын сұрақтарын қоя алды. Кездесуге қатысушылардың ішінде - ауған соғысының ардагері, бірнеше мемлекеттік наградалардың иегері, Қарағанды ЖЭО-3 қызметкері Жетпіс Әбішевте болды.…
"Қазақстан коммуналдық жүйелері" ЖШС © 2024 Барлық құқықтары қорғалған.

Please publish modules in offcanvas position.